Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім -мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа білімнің маңызын ұғындырып, отансүйгіштікке, елінің дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Мектеп ауласында ұйымдастырылған мерекелік жиынға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Мектеп директоры Алиасқаров Жанат Ұзақбайұлы мен қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін қоңырау сыңғыры жаңа білім әлеміне қадам басудың белгісіне айналды.
Салтанатты шараның ең толқынысты сәті – алғашқы қоңырау соғу рәсімі болды. Бұл құрмет 1 сынып оқушысы Махмұт Ақнұр мен 11 сынып оқушысы Наджибов Мавлюдке берілді. Олар қоңырауды бірге соғып, жаңа оқу жылының ресми түрде басталғаны жариялады. https://www.facebook.com/share/v/1F1iGSYD29/