Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде «Әлеуметтік Әмиян» бизнес кошелек пилоттық жобасы іске қосылған болатын.Әлеуметтік әмиянға әзірге оқушы саны 700-ден аспайтын мектептер ғана тіркелді. Бұл жоба ата-аналарға өте тиімді. Себебі балаларының тамақ ішкенін, не ішпегенің осы әлеуметтік әмиян арқылы бақылай алады. Оқушы асханаға барған кезде қолындағы Quar код арқылы аспазшының Egov mobile қосымшасына енгізеді. Кодты енгізгенде ата-анасына оқушы асханаға барғаны және ыстық тамақпен қамтылғаны жөнінде Смс хабарлама барады. Әлеуметтік әмиян жобасы біздің мектебімізде де іске асырылып отыр. Аз қамтылған оқушылар саны бізде 166 оқушы. Соның ішінде 28 оқушы жоғарғы 5-11 сынып оқушылары. Ал 124 оқушы бастауыш 1-4 сынып оқушылары. Бұл жоба тек аз қамтылған және жоғары сынып оқушыларына қатысты болғандықтан 28 оқушының 23 оқушысы әлеуметтік әмиян қосымшасына тіркеліп QUAR Кодтарын алды. Ал 5 оқушының техникалық ахауларға байланысты ваучерлері табылмады. Бұл мәселе бойынша Білім басқармалары жұмыс жасауда.Алдағы уақытта Quar кодтары алынатын болады. https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1658889168169505/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы М.М.Әбдіжамалдың ұйымдастыруымен қараша айының 15-30 аралығында «Жылулық жүректі жылытады» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Осы акция аясында ұлт жанашыры, әрі қоғам белсендісі Алпамыс Біржан Мамыржанұлы мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан 4 оқушыға қыстық аяқ киім сыйға тартты. Көмек көрсеткен А.Б.Мамыржанұлына мектеп әкімшілігі мен ұстаздар атынан алғыс білдіреміз. https://www.instagram.com/p/DClcIMXMIFi/?igsh=MXgwbHZrYW1uZmo3Yw==