Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл - Фараби атындағы орта мектебінде 2-қыркүйек күні 5 «Ә» сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жерді құрметтеуге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу болды.
    Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі, тарихы, табиғаты, рәміздері туралы мәліметтер айтып, өлеңдер оқыды. Әнұран шырқалып, мемлекеттік Ту мен Елтаңбаға құрмет көрсетілді. Балалар өз ойларын «Мен үшін Отан деген не?» тақырыбында сұрақ-жауап жүргізді. Кейбір оқушылар туған жер туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтты.
    «Біздің Қазақстан – бейбітшілік пен татулықтың Отаны» атты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар ел бірлігінің маңызын түсінді.
    Бұл сынып сағаты балалардың бойында патриоттық сезімді күшейтіп, елімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырды.

    https://www.facebook.com/share/p/1CFdhLPdLf/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру